«Інжу Маржан» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Қазығұрт ауданының «Інжу Маржан» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы ,Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы Қонаев көшесі №133 ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 7702-743-92-92. 7702-600-06-55 Жұмыс телефоны: 8 (725) -392-12-99 Электрон поштасы:inju.marjan03@mail.ru Web сайт. https://inju-marjanbb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Сагиндикова Жанбота Сунгатовна Қазығұрт аудандық білім бөлім басшысының 2026 жылғы 02 ақпан №1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 2014 жыл 25желтоқсан өткен. БСН 141240022791 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | KZ17RVK00015022 хабарлама берілген. 06.10.2017ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2014жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік және бір қабатты ғимарат |
| 9 | Топтар саны | 6 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас – кіші топ, 10-15 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 125 балаға арналған. №X.03.X.KZ53VBS00085607 Дата:13.10.2017ж. санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік және бір қабатты типтік жобада салынған. Балабақша 125 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. «Айгөлек» кіші топ 2 жас, «Еркетай», «Көгершін» ортаңғы топ 3 жас, «Бөбек», «Балбөбек» ересек топ 4 жас, «Балдырған» МАД тобы 5 жас, Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 6 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, әжетхана, қол жуатын – бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және домофон орнатылған. Сондай –ақ бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген және едендері ағаштан, балалардың қауіпсіздігі үшін. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.